457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дәрігерлер Роберто Карлостың жүрегіне күрделі ота жасады

52 жастағы мадридтік «Реалдың» бұрынғы қорғаушысы туған елінде демалыста жүрген.

Роберто Карлос жүрек мәселесіне байланысты ота жасатты. Қазіргі таңда Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысының өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлайды malimsports.kz

Бразилия құрамасының сапында футболдан әлем чемпионы атанған Роберто Карлос жүрекке қатысты мәселелерге байланысты ауруханаға түсіп, операция жасатты. Бұл туралы AS басылымы хабарлады.

52 жастағы мадридтік «Реалдың» бұрынғы қорғаушысы туған елінде демалыста жүрген. Алдымен ол аяғына медициналық тексеруден өтіп, шағын тромб анықталған. Бұдан кейін жасалған МРТ тексерісі оның жүрек жұмысының дұрыс еместігін көрсеткен.

Осыдан соң экс-футболшы шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, катетер орнату операциясы жасалды. AS мәліметінше, әдетте 40 минутқа созылатын бұл процедура асқынуларға байланысты шамамен үш сағатқа дейін ұзарған.

Ол дәрігерлердің бақылауында тағы 48 сағат болады.
«Қазір жағдайым жақсы, дәрігерлердің мұқият бақылауындамын», - деді Роберто Карлос.

Мадридтік «Реалдан» бөлек, Роберто Карлос кәсіби мансабында бразилиялық «Унион Сан-Жуан», «Атлетико Минейро», «Палмейрас», «Коринтианс», италиялық «Интер», түркиялық «Фенербахче», үндістандық «Дели Дайнамос», сондай-ақ махачкалалық «Анжи» (2011-2012) клубтарында өнер көрсетті. «Реал» сапында ол үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Бразилия ұлттық құрамасында Роберто Карлос 125 матч өткізіп, 11 гол соқты. Ол 2002 жылғы әлем чемпионатының чемпионы, 1998 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ Конфедерациялар кубогын (1997) және Америка кубогын (1997, 1999) жеңіп алған.

Фото: Getty Images