Мәзір
Футбол

Дәрігерлер қарсы болды: Зайнутдиновтың трансферіне қатысты тың дерек шықты

Сабина Асқарқызы 34 қаралым
Дәрігерлер қарсы болды: Зайнутдиновтың трансферіне қатысты тың дерек шықты

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Бақтиер Зайнутдиновтың болашағына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

 Ресейлік инсайдер Александр Гуминскийдің айтуынша, қазақстандық футболшы жазғы трансферлік кезеңде Мәскеудің «Динамосынан» кетуі мүмкін.

Инсайдердің мәліметінше, клуб басшылығы бастапқыда Зайнутдиновты командаға шақыруға аса қызығушылық танытпаған. Тіпті трансфер рәсімі кезінде ойыншының медициналық тексеруінен кейін күмән туындаған.

Айтуынша, клуб дәрігерлерінің бірі футболшының денсаулық жағдайына байланысты тәуекелдер бар екенін айтып, келісімнен бас тартуды ұсынған. Медициналық штаб пен клуб өкілдері бұл трансферді қауіп деңгейі жоғары мәміле ретінде бағалаған.

Алайда сол кездегі бас бапкер Валерий Карпин қазақстандық футболшыны қолдап, оның командаға қосылуын талап еткен. Нәтижесінде Зайнутдиновпен келісімшарт жасалып, ойыншы клуб сапына қосылған.

Менің білуімше, "Динамода" Зайнутдиновтың трансферін қолдағандар көп болған жоқ. Медициналық тексеруден кейін дәрігерлердің бірі бұл келісімнен бас тартуды ұсынған. Бірақ Валерий Карпин барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, футболшыны шақыру туралы шешімін өзгертпеді, – дейді Александр Гуминский.

Қазір футболшының клубтағы болашағы белгісіз күйде қалып отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, тараптар арасында толық түсіністік жоқ, сондықтан жазғы трансферлік терезеде Бақтиер Зайнутдиновтың басқа командаға ауысуы ықтимал.

 

Фото: "Динамо" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар