457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дани Алвес Португалиядағы клубтың әріптесі атанды

Алвес 2026 жылы кәсіби футболға оралып, осы клуб үшін ойнауды қарастырып жатыр.

Әлемде ең көп трофей иегерлерінің бірі, бразилиялық футболшы Дани Алвес Португалияның үшінші дивизионында ойнайтын «Сан-Жуан-де-Вер» клубының әріптесі болды, деп хабарлайды malimsports.kz

Алвестің келуі – тек құрылымдық өзгеріс емес, «әлемді бағындырған тәжірибе мен үмітін ешқашан жоғалтпаған клубтың рухының кездесуі» деп бағаланып отыр. 

Қазіргі уақытта «Сан-Жуан-де-Вер» А тобының соңғы орында. ESPN желісі жазғандай, Алвес 2026 жылы кәсіби футболға оралып, осы клуб үшін ойнауды қарастырып жатыр.

Алвес мансабында Бразилия құрамасы мен «Барселона», «Севилья», «Ювентус», ПСЖ сияқты клубтарда 43 трофей жеңіп алған.  

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтарында Алвес Барселонадағы түнгі клубта зорлау ісі бойынша қамауға алынған. 2024 жылдың ақпанында оған төрт жарым жылдық түрме жазасы берілген, бірақ 2025 жылдың наурызында апелляциялық шағыммен ақталған.

Фото: Ашық дереккөзден