Мәзір
Футбол

Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының ойыншылар тізімі жарияланды

Сабина Асқарқызы 180 қаралым
Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының ойыншылар тізімі жарияланды

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьтің Минск қаласында өтетін Даму кубогына қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс қарсаңында Қазақстан U-17 құрамасы Астана қаласындағы ҚФФ Футбол үйінде оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Дайындық кезеңінен кейін команда Минскке аттанып, халықаралық турнирде бақ сынайды.

Даму кубогына барлығы 8 команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Беларусь U16 және Минск қаласының құрамасы.

Командалар екі топқа бөлінген:

«А» тобы: Қазақстан, Беларусь U17, Тәжікстан, Минск U17

«В» тобы: Беларусь U16, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей

 

Қазақстан U-17 құрамасының аға жаттықтырушысы Бауыржан Сағындық оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Никита Килджиев, Әлихан Шайзада (екеуі де – «Шахтер»), Батырхан Серікбай («Жас Қыран»), Камиль Гайнуллин («Қайрат»).

 

Қорғаушылар: Жәнібек Жайлаубек, Данил Золкин, Мейірлан Балтабаев (бәрі – «Шахтер»), Ислам Рақым, Марлен Әміренов, Мансур Авасханов, Әлфир Ханафи, Әбди Әлихан (бәрі – «Қайрат»), Дінмұхаммед Дайрабай («Жас Қыран»), Нұралы Азатқазы (клубсыз).

 

Жартылай қорғаушылар: Әлихан Жұмабек, Дамир Юсупбеков («Қайрат»),
Ринат Бейбітов, Акбар Сәденов («Ақтөбе»), Шәріпхан Шәріпжан (клубсыз).

 

Шабуылшылар: Әнуар Төленді (ҚФФ академиясы), Рустам Сайфимилюков, Дигдар Омаров, Расул Әкімов («Шахтер»), Абылай Жылқайдар, Роман Черноморец, Дәулет Орынбасар («Қайрат»), Расул Досан («Атырау»), Мағзұм Жоламан («Каспий»), Ибраһим Бауыржан («Ақтөбе»).

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар