457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады

IFCPF Men’s World Championships 2026 турнирі Англияның Лафборо қаласында өтеді.

ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихта тұңғыш рет церебралды сал ауруына шалдыққан спортшылар арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.  

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, IFCPF Men’s World Championships 2026 турнирі Англияның Лафборо қаласында өтеді.
Әлем чемпионаты 2026 жылдың 15-24 тамызы аралығында өтеді. Жарысты Халықаралық ЦП-футбол федерациясы өткізеді.

"Бұл – ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы үшін үлкен тарихи белес. Команда алғаш рет әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Бұл жарыс ойыншыларға халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік береді", - деп жазылған ҚФФ мәліметінде. 

Әлем чемпионатына аттанар алдында ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Дайындық барысында бапкерлер штабы командамен соңғы пысықтау жұмыстарын жүргізіп, әлемдік додаға жан-жақты әзірленеді.

Фото: ҚФФ