457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чехиялық клуб Чемпиондар лигасындағы жеңілістен кейін билет ақшасын қайтарады

Кездесу 28 қаңтарда өтті және чех командасының 1:4 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Прага қаласының «Славия» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасында «Пафосқа» ірі есеппен жеңілгені үшін кешірім сұрап, матчты қолдау үшін Кипрге арнайы барған жанкүйерлерге билет құнын толық қайтарып беретінін мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

Кездесу 28 қаңтарда өтті және чех командасының 1:4 есебімен жеңілуімен аяқталды. Екі клуб та плей-офф кезеңіне шыға алмады. «Славия» жалпы кезеңде өткізген сегіз матчтың бірде-бірінде жеңіске жете алған жоқ.

«Біз, әсіресе Чемпиондар лигасында, бұлай ойнамауымыз керек. Бізді қолдау үшін Кипрге ұшып келген барлық жанкүйерлерге билет ақысын қайтарамыз», - деп мәлімдеді «Славия» басшылығы.

Аталған матчтың «Славия» үшін турнирлік маңызы болмады. Ал «Пафос» соңына дейін плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша «Бенфикаға» жол берді. Бұл кездесуде мадридтік «Реалға» 98-минутта гол соққан украиналық қақпашы Анатолий Трубиннің нәтижесі шешуші рөл атқарды.

Қазіргі уақытта «Славия» Чехия чемпионатында 19 турдан кейін көш бастап тұр, команда «Спартадан» жеті ұпайға алда келеді.

Айта кетейік, өткен аптада «Манчестер Сити» клубының футболшылары да Чемпиондар лигасында норвегиялық «Будё-Глимтке» (1:3) қонақта жеңілгеннен кейін өз жанкүйерлеріне билет ақысын өтеуге уәде берген болатын.

Фото: Ашық дереккөзден