Чемпиондық маусымда «Ливерпульдің» табысы 700 млн еуродан асты
Ағылшын Премьер-лигасының 2024/25 жылғы маусымында чемпион атанған Ливерпуль клубы рекордтық қаржылық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жылдық есепке сәйкес, мерсисайдтық ұжымның табысы £700 млн-ға (шамамен $943 млн) жетіп, өткен жылмен салыстырғанда £89 млн-ға артқан. Клубтың таза пайдасы £8 млн болды.
Deloitte консалтинг компаниясының дерегінше, «Ливерпуль» табыс көлемі бойынша АПЛ клубтары арасында көш бастады.
Кірістер құрылымында медиақұқықтардан түскен табыс £264 млн-ға жетіп (+£60 млн), матч күнгі түсім £116 млн болса (+£14 млн), коммерциялық табыс £323 млн-ға дейін өскен (+£15 млн).
Сонымен қатар әкімшілік шығындар £657 млн-ға дейін ұлғайса, қызметкерлерге жұмсалған қаржы £428 млн-ды құраған.
Клубтың қаржы директоры Дженни Бичем 2024/25 маусымын «рекордтық табыс пен 20-чемпиондық титулды қатар әкелген үлгілі кезең» деп бағалады.
Айта кетейік, «Ливерпуль» өткен маусымда АПЛ-дегі 20-шы чемпиондығын жеңіп алып, Чемпиондар лигасында 1/8 финалға дейін жетті, Англия лигасы кубогының финалында ойнады және Англия кубогының төртінші кезеңіне дейін барды.
Nielsen мәліметінше, клуб матчтарының жаһандық телеаудиториясы 588 млн көрерменнен асып, әлеуметтік желілерде 1,7 млрд өзара әрекет тіркелген. Чемпиондық жеңіс туралы жаңалық алғашқы 24 сағатта 62 млн интеракция жинаған.
Фото: Getty Images
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған