Мәзір
Футбол

Чемпиондар лигасының ширек финалына қандай клубтар жолдама алды

Сабина Асқарқызы 185 қаралым
Чемпиондар лигасының ширек финалына қандай клубтар жолдама алды

Чемпиондар лигасының ширек финалына қатысатын барлық командалар анықталды, деп жазады malimsports.kz. 

1/8 финалда «Ливерпуль» туркиялық «Галатасарайды» 4:0 есебімен тізе бүктірді. Голдарды Доминик Собослаи (25-минут), Уго Экитике (51), Райан Гравенберх (53) және Мохаммед Салах (62) соқты.

Параллель матчта немістің «Бавария» итальяндық «Аталантадан» сенімді жеңіске жетті — 4:1. Ағылшындық «Тоттенхэмнің» «Атлетикоға» қарсы жауапты ойында 3:2 есебімен жеңгеніне қарамастан, екі кездесу қорытындысы бойынша ширек финалға мадридтік клуб өтті. 

Бұған дейін ширек финалға француздық ПСЖ шығып отыр. 

Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жұптары:

ПСЖ - «Ливерпуль»

«Реал» - «Бавария»

«Барселона» - «Атлетико»

«Спортинг» - «Арсенал»

Бірінші ойын 7-9 сәуірде өтсе, жауапты матчтар 14-16 сәуірде жалғасады.  Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Будапешттегі «Ференц Пушкаш» стадионында өтеді.

Чемпиондар лигасының қазіргі иегері - ПСЖ. Өткен жылы француздық клуб финалда итальяндық «Интерді» 5:0 есебімен жеңген еді.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар