Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турынан кейін плей-оффқа шыққан алғашқы бес команда белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Олар: «Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), ПСЖ (Франция), «Манчестер Сити» (Англия) және «Аталанта» (Италия). Бұл бес команда енді жалпы кестеде 25-тен төмен орынға түспейді.
Жалпы кезеңнің қалған екі туры қаңтардың екінші жартысында өтеді. 1–8 орындарды иеленген командалар тікелей 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9–24 орындарды иеленген командалар қосымша матчтарда, яғни 1/16 финалда ойнайды.
Айта кетейік, биылғы Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді.
Фото: ©depositphotos.com
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған