Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шыққан «Қайраттың» қанша табыс тапқаны белгілі болды
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Еурокубоктағы сәтті өнер клубқа айтарлықтай қаржылай сыйақы да әкелді. Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін «Қайрат» УЕФА-дан 175 мың еуро (шамамен 94,1 миллион теңге) алды. Ал екінші іріктеу кезеңіне өткені үшін клубқа дәл осындай көлемде тағы 175 мың еуро төленеді.
Осылайша, алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы қазіргі қаржылық табысы 350 мың еуроға (шамамен 188,2 миллион теңге) жетті.
Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» клубымен кездеседі. Қос матч 21-22 және 28-29 шілде күндері өтеді. Жеңімпаз команда турнирдің келесі кезеңіне жолдама алады.
Фото: "Қайрат" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған