457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан клубтар анықталды

Биылғы маусымда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі 36 клубтың қатысуымен жаңа форматта ұйымдастырылған

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі стыковой матчтар аяқталып, турнирдің 1/8 финалына жолдама алған 16 команда белгілі болды. 1/8 финалдың жеребесі 27 ақпанда өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Биылғы маусымда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі 36 клубтың қатысуымен жаңа форматта ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде әр команда сегіз матчтан өткізді (төртеуі – өз алаңында, төртеуі – сырт алаңда). Жалпы кестеде алғашқы орын алған клубтар бірден 1/8 финалға шықты. Ал 9–24-орын алған командалар қалған жолдамалар үшін стыковой кездесулер өткізді.

Жалпы кезең қорытындысы бойынша алғашқы сегіздікке «Арсенал», «Бавария», «Ливерпуль», «Тоттенхэм», «Барселона», «Челси», «Спортинг» және «Манчестер Сити» кіріп, автоматты түрде плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Стыковой раунд нәтижесінде 1/8 финалға «Аталанта», «Байер», «Атлетико», «Ньюкасл Юнайтед», «Будё-Глимт», ПСЖ, «Галатасарай» және «Реал» командалары шықты.

1/8 финалдың алғашқы матчтары 10 және 11 наурызда өтсе, қарымта ойындар 17 және 18 наурыз күндеріне жоспарланған.

Фото: Getty Images