Мәзір
Футбол

Чемпиондар лигасында бұлай ойнауға болмайды» – Рафаэль Уразбахтин

Сабина Асқарқызы 167 қаралым
Чемпиондар лигасында бұлай ойнауға болмайды»  – Рафаэль Уразбахтин

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Копенгагенмен» сырт аландғы ойында (2:3) не себепті жеңілгендерін түсіндірді.

Бапкер команданың алғашқы таймдағы ойыны талапқа сай болмағанын атап өтті:

«Маған қандай есеп болса да, жеңілу ұнамайды. 70-минуттан кейін ғана батыл ойнай бастадық, ал бұл бізге бірінші таймда жетіспеді. Өте бәсең болдық. Агрессия, батылдық жеткіліксіз болды. Өкінішке қарай, бұл қасиеттер тек есеп 3:0 болғанда ғана пайда болды».

Уразбахтин ойынға қосылған футболшылар матчты күшейткенін мойындады:

«Алаңға жаңадан қосылған жігіттер ойынды жандандыра түсті. Біз оларға бастапқыда-ақ батыл ойнау керегін айтқанбыз. Бірақ бірінші тайм мүлдем көңілімізден шықпады. Үзілісте ойыншыларға: «Осы ойынды жалғастыра берсек, тең ойынға да, жеңіске де жету мүмкін емес» деп айттық. Бұл Чемпиондар лигасы – мұнда бірінші таймда біз көрсеткен деңгейде ойнауға болмайды», — деді бас бапкер.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар