Қазақстанның футзал клубтары UEFA Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде алғашқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Семей» өз алаңында Польшаның «Пяст» командасын қабылдап, 3:3 есебімен тең ойнады. Серіктестік кездесудің қарымтасы 5 желтоқсанда Польшада өтеді.
Алматының «Қайраты» сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» клубымен кездесіп, 7:3 есебімен айқын жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, алматылық команда негізгі кезеңнің төртінші тобында Косовоның «Приштина» клубын 4:1, хорватиялық «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен ұтса, Португалияның «Спортингінен» 2:7 есебімен жеңілген болатын.
Енді екі команда да 5 желтоқсанда өтетін жауапты кездесулерге дайындалуда. «Қайрат» өз жанкүйерлері алдында Алматыда ойнайды.
Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі 2026 жылдың мамыр айында Италияның Песаро қаласында ұйымдастырылады. Онда үздік төрт команда жартылай финал, финал және 3-орын үшін ойындарда бақ сынайды.
Фото: "Қайрат" фк