Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысып жатқан Қазақстанның «Қайрат» және «Семей» футзал клубтары турнирдегі екінші ойынын өткізіп, қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алматылық клуб төртінші топтағы екінші кездесуінде португалиялық «Спортинг» командасымен бақ сынады. Кездесу барысында қазақстандықтар қарсылас қақпасына екі гол соғып, өз қақпасына жеті гол жіберіп алды. Нәтижесінде «Қайрат» 2:7 есебімен жеңілді.
Алғашқы ойында «Қайрат» Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен ұтқан еді. Топтағы үшінші кездесуін алматылықтар 1 қарашада «Приштина» клубына қарсы өткізеді.
Сондай-ақ «Семей» футзал клубы екінші ойынында франциялық «Этуаль» командасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Енді қазақстандық команда үшінші топтағы соңғы кездесуін 1 қарашада Испанияның «Пальма» клубына қарсы өткізеді.
Фото: "Қайрат" футзал клубы