457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Левскиге» қарсы алғашқы ойында есе жіберді

Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Аренада» өтеді.

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы 2026/27 маусымының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Болгарияның «Левски» клубына есе жіберді, деп хабарлайды malimsports.kz

Софиядағы Георги Аспарухов атындағы стадионда өткен кездесуде алаң иелері матчтың тағдырын қосымша уақытта шешті. Кездесудегі жалғыз голды ойынның 90+2-минутында португалиялық жартылай қорғаушы Сержинью соқты. Оның алыстан тепкен добы қорғаушыға тиіп, бағытын өзгертіп, қақпашы Темірлан Анарбековті қапы қалдырды.

Матч барысында «Қайрат» шабуылда белсенділік таныта алмады. Қазақстандық клуб ойын бойы қарсылас қақпасына бірде-бір соққы жасай алған жоқ. Ал «Левски» футболшылары 13 мәрте соққы бағыттап, оның төртеуі қақпаға дәл тиді.

Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Аренада» өтеді. Алматыдағы Орталық стадион бұл ойынды қабылдай алмайды. Себебі 14 тамызға жоспарланған америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне байланысты арена алдын ала дайындыққа жабылады.

Екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының плей-офф іріктеу кезеңіне шығып, Грекияның АЕК (Афина) клубымен кездеседі. Ал жеңілген ұжым Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алып, ПАОК (Грекия) пен «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі