Мәзір
Футбол

Чемпиондар лигасы: «Левски» – «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды

Сабина Асқарқызы 131 қаралым
Чемпиондар лигасы: «Левски» – «Қайрат» матчына төрешілер тағайындалды

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі Болгарияның «Левски» және Қазақстанның «Қайрат» командалары арасындағы алғашқы матчқа төрешілер бригадасы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесу 4 тамыз күні Қазақстан уақытымен 22:30-да София қаласында өтеді.

Ойынға Литвадан келген төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Бас төреші – Донатас Румшас. Оған Александр Радиус пен Довидас Сужеделис көмекшілік етеді. Төртінші төреші міндетін Робертас Валиконис атқарады.

VAR жүйесінде швейцариялық Федайи Сан жұмыс істейді. Оның ассистенті – литвалық Кестутис Бартушкявичюс.

Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын (2:1, 2:0) және Кипрдің «Омониясын» (0:1, 1:0, пенальтиде – 6:5) жарыс жолынан шығарды.

 

Фото: "Қайрат" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар