457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чемпиондар лигасы: «Галатасарай» ойыншысы матч кезінде саусағының бір бөлігінен айырылды

Клубтағылар 26 жастағы нидерландтық футболшыға Ливерпуль қаласында ота жасалатынын қосты.

«Галатасарай» ойыншысы Ноа Ланг Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матч кезінде саусағының бір бөлігінен айырылды, деп жазады malimsports.kz. 

Ойынның екінші таймында Ланг жарнама қалқанына соғылып, саусағын кесіп алған. Оны алаңнан зембілмен алып кетті. 

Нидерландтық жартылай қорғаушы Ноа Ланг «Ливерпульге» қарсы өткен матчта саусағының бір бөлігінен айырылды. «Біздің ойыншымыз Ноа Ланг матчтың екінші бөлігінде жарақат алды - оң қолының бас бармағын қатты кесіп алды», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі өзінің Instagram парақшасында.

Клубтағылар 26 жастағы нидерландтық футболшыға Ливерпуль қаласында ота жасалатынын қосты.

«Ливерпульге» қарсы матчта Ланг екінші таймның басында алаңға шықты. Кездесудің 76-минутында футболшы жарнама қалқанына соғылып, саусағын кесіп алған. Жартылай қорғаушы алаңнан зембілмен шығарылды.

Ланг қаңтар айында «Наполиден» «Галатасарайға» жалға берілген.

1/8 финалда «Ливерпуль» түркиялық клубты 4:0 есебімен ірі жеңіп, Чемпиондар лигасының ширек финалына өтті.

Фото: Getty Images