457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чемпиондар лигасы: "Барселона" 7 гол соғып ширек финалға шықты

Кездесу 7:2 есебімен каталониялық клубтың пайдасына аяқталды.

Барселона УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы қарымта ойында Ньюкасл Юнайтед командасын ірі есеппен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz 

Кездесу 7:2 есебімен каталониялық клубтың пайдасына аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Рафинья (6, 72-минуттар) мен Роберт Левандовски (56, 61) дубль авторы атанды. Сонымен қатар Марк Берналь (18), Ламин Ямаль (45+7) және Фермин Лопес (51) те гол соқты.

Ал ағылшын клубының екі голын Энтони Эланга (15, 28) өз еншісіне жазды.

Айта кетейік, 37 жастағы Роберт Левандовски Чемпиондар лигасы тарихында дубль жасаған ең жасы үлкен ойыншылардың бірі атанды. Бұған дейін мұндай нәтижені 1965 жылы 38 жасында Ференц Пушкаш тіркеген болатын.

Енді Барселона ширек финалда Тоттенхэм мен Атлетико жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ағымдағы маусымның финалы Пушкаш Арена стадионында 2026 жылдың 30 мамырында өтеді.

Фото: Getty Images