"Челсидің" бұрынғы футболшысы әрі бас бапкері Эдди Маккриди өмірден өтті
Лондондық «Челси» клубының бұрынғы футболшысы және бас бапкері, шотландиялық Эдди Маккриди 86 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы ағылшын клубының баспасөз қызметі хабарлады. Оқыстан болған қазаның нақты себебі жарияланған жоқ.
«Челси» клубы жариялаған көңіл айту жазбасында Маккридиді «клуб тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі, қатал, бірақ тапқыр қорғаушы» деп атады. Ол 1962-1973 жылдар аралығында «Челси» сапында өнер көрсетіп, 410 матчқа қатысып, клуб тарихындағы ең көп ойын өткізген он ойыншының қатарына енді.
Эдди Маккриди 1965 жылғы Англия Лига кубогының «Лестер Ситиге» қарсы өткен екі матчтан тұратын финалында күтпеген жерден шабуылшы позициясында ойнап, жеңіс голын соққан. Оның клубпен бірге жеңіп алған басты жүлделерінің қатарында УЕФА Кубок иегерлері кубогы (1971), Англия Кубогы (1970) және Англия Лига кубогы (1965) бар.
Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Маккриди «Челсиге» қайта оралып, 1975-1977 жылдары клубтың бас бапкері қызметін атқарды.
Футболшы ретіндегі мансабында ол «Челсиден» бөлек, шотландиялық «Ист Стерлингшир» және америкалық «Мемфис» клубтарында да ойнады. Сонымен қатар Шотландия ұлттық құрамасы сапында 23 матч өткізген.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған