457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевқа туған күніне орай үн қатты

12 тамызда, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толды.

«Челси» клубының Индонезиядағы True Blues Indo жанкүйерлер қауымы Қазақстан құрамасының және лондондық клубтың шабуылшысы Дастан Сәтпаевты туған күнімен құттықтап, оның командаға ресми қосылуын асыға күтіп отырғанын мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

12 тамызда, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толды. Осылайша қазақстандық футболшының «Челсимен» келісімшарты ресми түрде күшіне енеді.

«Туған күніңмен, Дастан! Бүгін Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысқаны туралы ресми хабарландыруды көруіміз мүмкін. Бұл оның туған күніне жасалған ең керемет сыйлық болмақ. Бүгін ол 18 жасқа толды. Сондықтан «Челси» оның кәмелетке толғанын ресми түрде атап өткеннен кейін, Дастанға қатысты контент жариялай бастауы мүмкін. Ақыры «Челсидің» ең болашағы зор жас таланттарының бірін қарсы алатын уақыт келді», – деп жазды True Blues Indo әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұл қауымдастықтың X желісіндегі парақшасына 54 мыңнан астам адам жазылған.

Еске салайық, Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамымен бірге Австралия мен Азиядағы маусым алдындағы турға қатысып, бірнеше жолдастық кездесуде алаңға шықты. Қазақстандық шабуылшы лондондық клуб сапындағы дебюттік голын да соқты.

Енді Сәтпаевтың «Челси» ойыншысы ретінде ресми таныстырылуы жанкүйерлердің басты күткен жаңалығына айналып отыр.