«Челси» ресми түрде Дастан Сәтпаевты таныстырды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевты «Челси» клубы ресми таныстырып, Англияның «Бернли» клубына жалға бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы «Челси» мен «Бернли» клубтарының баспасөз қызметтері хабарлады. Лондондық клуб Дастан Сәтпаевтың «Қайраттан» ресми түрде «Челсиге» ауысқанын мәлімдеп, қазақстандық футболшының 2026/27 жылғы маусымды жалға алу келісімі аясында «Бернли» сапында өткізетінін растады.
Өз кезегінде «Бернли» клубы да жаңа ойыншысын таныстырды.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаевты «Челсиден» бір маусымға жалға алынғанымызды қуанышпен хабарлаймыз, – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Жаңа клубқа ауысқаннан кейін Дастан Сәтпаев әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасады.
Бұл – тек бастамасы. Жалға ауысу – менің мықтырақ болуыма көмектесетін жаңа тәжірибе. Бар жақсысы алда. Алға, қазақ елім! – деп жазды қазақстандық футболшы.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биыл жазда «Челсиге» ауысып, Хаби Алонсо жетекшілік ететін команданың маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын. Кейін ойын тәжірибесін арттыру мақсатында «Бернлиге» бір маусымға жалға берілді.
Фото: @d.satpayev / instagram
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған