457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Челси» команда капитаны Рис Джеймспен келісімшартын ұзартты

Жаңа келісім 2032 жылдың жазысына дейін есептелген.

Ағылшынның атақты клубы Челси команда капитаны әрі қорғаушы Рис Джеймспен келісімшарт мерзімін ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Жаңа келісім 2032 жылдың жазысына дейін есептелген. Бұған дейін қорғаушының келісімшарты 2028 жылы аяқталуы тиіс болатын.

Футболшы жаңа келісімге қол қойғанына өте қуанышты екенін айтты.
«Келісімшартты ұзартқаныма өте қуаныштымын. "Челси" мен үшін өте маңызды клуб. Мен әрдайым мансабымның ең жақсы кезеңдерін дәл осы командада өткізгім келетінін айтып келдім. Біз қол жеткізген жетістіктерімізді одан әрі дамытуға барлық мүмкіндік бар деп сенемін», - деді Джеймс.

Рис Джеймс негізгі құрамдағы дебютін 2019 жылы жасаған. Осы уақыт ішінде ол «Челси» сапында 225 матч өткізіп, 16 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген.

Лондондық клубпен бірге қорғаушы УЕФА Чемпиондар лигасы (2021), УЕФА Конференция лигасы (2025) турнирлерін жеңіп алды. Сондай-ақ екі рет Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (2021, 2025) мен УЕФА Суперкубогы (2021) иегері атанған.

Англия құрамасы сапында Джеймс 22 матч өткізіп, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. 2021 жылы ол Еуропа чемпионаты 2020 турнирінің күміс жүлдегері болды.

Фото: Ашық дереккөзден