«Челси» Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты шешім қабылдады
Англияның «Челси» клубы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты кәсіби тұрғыда дамыту үшін оны жалға беру туралы шешім қабылдауы мүмкіндеп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz -ке сілтеме жасап.
Лондондық клубтағы дереккөздің мәліметінше, 18 жастағы футболшыға бірқатар еуропалық клубтар қызығушылық танытып отыр. Олар қазақстандық шабуылшыны бір маусымға жалға алуға дайын. Олардың қатарында француздың «Страсбур», испандық «Расинг», ағылшындық «Халл Сити» және басқа да клубтар бар.
Күтіліп отырғандай, «Челси» Сәтпаевты бір жылға жалға беріп, оған ойын тәжірибесін жинақтауға және еуропалық футболдың талаптарына толық бейімделуге мүмкіндік бермек.
Қазақстандық футболшының қай клубқа ауысатынын «Челси» басшылығы мен жаттықтырушылар штабы жақын арада шешеді.
Сонымен қатар ақпаратқа сәйкес, Сәтпаевтың алдағы маусымды «Челси» сапында бастауы екіталай. Клуб жас шабуылшының тұрақты ойын тәжірибесін жинап, кәсіби деңгейде өсуін басты мақсат ретінде қарастырып отыр.
Фото: Ашық дереккөзден
«Челси» Дастан Сәтпаевтың болашағына қатысты шешім қабылдады
Ең көп оқылған