«Челси» Дастан Сәтпаевтың Аустралиядағы алғашқы суретін жариялады
Лондондық «Челси» клубының баспасөз қызметі Аустралиядағы маусымалды оқу-жаттығу жиынынан алғашқы фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарияланған кадрлардың бірінде 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев та бар. Жас футболшы суретте командаластары – орталық қорғаушы Леви Колвилл мен вингер Джейми Гиттенстің ортасында тұр.
Австралия мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маусымалды турне аясында «Челси» бес жолдастық кездесу өткізеді.
Лондондық клуб «Уэстерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм Хотспур», «Ювентус», «Милан» және Малайзияның «Джохор Дарул Такзим» командаларымен күш сынасады.
Бұл турне Дастан Сәтпаев үшін де маңызды кезең болмақ. Қазақстандық жас шабуылшы әлемдік деңгейдегі футболшылармен бірге дайындалып, өзін бапкерлер штабына дәлелдеуге мүмкіндік алады.
Фото: "Челси" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған