Украиналық қорғаушы Иван Ордец «Ақтөбе» клубының қатарына қосылуы мүмкін. Бұл туралы ASnews.kz сайты жазды.
33 жастағы футболшы биыл мамыр айында Бундеслигадан ұшып кеткеннен кейін немістің «Бохум» клубынан кеткен еді. Ордецтің «Актөбеге» ауысу ықтималдығы жоғары емес деп бағалануда, себебі оған Еуропаның бірнеше клубынан да ұсыныстар түскен.
Донецк «Шахтерінің» түлегі өз клубында 2019 жылға дейін ойнап, кейін Мәскеудің «Динамосына» ауысқан. Ресей Премьер-лигасында өнер көрсеткен тұста Украина құрамасына шақырту ала алмай қалған.
Футболшы бұған дейін берген сұхбаттарында өзіне Англияның «Брайтон» мен «Ньюкасл», сондай-ақ Ресейдің «Краснодар» және «Локомотив» клубтары қызығушылық білдіргенін айтқан.
Ұлттық құрама сапында Иван Ордец 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.
Фото: © РИА Новости