457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады

Бүгін футболдан 2026/2027 жылғы маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы мен Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіне жеребе тартылады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Биыл Қазақстан атынан Чемпиондар лигасында ел чемпионы  – алматылық «Қайрат» өнер көрсетеді. Ал Конференция лигасында елордалық «Астана» мен семейлік «Елімай» жарысты бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қостанайдың «Тобылы» бәсекеге екінші кезеңнен қосылады.

Жеребе тарту рәсімі Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.

«Қайраттың» ықтимал қарсыластары қатарында Болгарияның «Левски», Литваның «Кауно Жальгирис», Черногорияның «Сутьеска», Мажарстанның «Дьёри ЭТО», Албанияның «Эгнатия», Беларусьтің «Макслайн» және Люксембургтің «Атерт-Биссен» клубтары бар.

«Елімайға» алғашқы кезеңде Молдованың «Милсами», Литваның «Жальгирис», Әзербайжанның «Зиря», Арменияның «Алашкерт» және Беларусьтің БАТЭ клубтары қарсылас атануы мүмкін.

Ал «Астана» үшін ықтимал қарсыластар тізімінде Солтүстік Македонияның «Силекс», Албанияның «Динамо Сити», Сан-Мариноның «Виртус», Черногорияның «Морнар» және Мальтаның «Марсашлокк» командалары бар.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі 7-8 және 14-15 шілде күндері өтеді. Ал Конференция лигасының алғашқы матчтары 9 шілдеге, қарымта кездесулер 16 шілдеге жоспарланған.

 

Фото: "Қайрат" ФК