Мәзір
Футбол

Бүгін «Қайрат» пен «Тобыл» Қазақстан суперкубогін сарапқа салады

Сабина Асқарқызы 118 қаралым
Бүгін «Қайрат» пен «Тобыл» Қазақстан суперкубогін сарапқа салады

Бүгін Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында Алматының «Қайраты» мен Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан суперкубогін сарапқа салады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Өткен маусымда алматылықтар ел чемпионатында топ жарса, қостанайлық клуб Қазақстан кубогінің иегері атанған. Екі команда да суперкубокті тарихта үш реттен жеңіп алған.

Қос ұжым маусымалды дайындықтарын Түркияда өткізіп, бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Қазіргі уақытта матч билеттері 2 мыңнан 8 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылуда.

Кездесу 28 ақпанда сағат 17:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

 

 

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар