Мәзір
Футбол

Бүгін «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жорығын бастайды

Сабина Асқарқызы 93 қаралым
Бүгін «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі жорығын бастайды

Алматының «Қайрат» футбол клубы бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда Португалияның «Спортинг» командасына қарсы өткізеді, деп жазады malimsports.kz.

Ойынды қазақстандық жанкүйерлер түнгі сағат 00:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Кездесудің бас төрешісі болып польшалық Дамиан Сильвестжак тағайындалды. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмек береді. Төртінші төреші – Марцин Коханек.

«Қайрат» беделді турнирде мына клубтармен кездеседі:

«Реал Мадрид» (Испания)

«Интер» (Италия)

«Арсенал» (Англия)

«Брюгге» (Бельгия)

«Спортинг» (Португалия)

«Олимпиакос» (Грекия)

«Пафос» (Кипр)

«Копенгаген» (Дания)

Ел чемпиондары бұл кезеңде барлығы 8 матч өткізеді: төртеуі – өз алаңында, төртеуі – сырт алаңда.

 

Фото: "Қайрат" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар