Алматының «Қайрат» клубы бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Кипрдің «Омония» командасын қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесу Алматыда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ ойын арнаның ресми сайтында да көрсетіледі.
Кездесуге Норвегиядан келген төрешілер бригадасы қазылық етеді. Бас төреші – Рохит Сагги. Оған қапталдағы төрешілер Андерс-Олав пен Уле-Андреас Хаукосен көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Мариус Хансен-Гретта атқарады. VAR жүйесіне италиялық Микаэль Фаббри жауап берсе, оның ассистенті – Кристоффер Хагенес.
Еске салайық, Кипрде өткен алғашқы кездесуде «Омония» 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Матчтағы жалғыз голды 13-минутта Панайотис Андреу соқты.
Қарымта кездесудің жеңімпазы Чемпиондар лигасының келесі іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» және Румынияның «Университатя Крайова» клубтары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
Фото: "Қайрат" ФК