Бүгін қазақстандық «Семей» және «Қайрат» командалары UEFA Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Семей» өз алаңында сағат 19:50-де Польшаның «Пяст» клубын қабылдайды.
Ал «Қайрат» сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» командасына қарсы кездеседі. Матч 23:50-де басталады.
«Семей» негізгі кезеңде үшінші топта өнер көрсетіп, Чехияның «Хрудимін» 9:5 есебімен жеңді. Алайда Францияның «Этуаль» клубына 3:4, Испанияның «Пальма» командасына 4:7 есебімен жол берді.
«Қайрат» төртінші топта Косовоның «Приштинасын» 4:1, Хорватияның «Ново Вриемені» 3:2 есебімен ұтты. Бірақ Португалияның мықтысы «Спортингтен» 2:7 есебімен жеңіліп қалды.
Барлық ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: "Қайрат" футзал клубы