457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгін Чемпиондар лигасының 1/8 финалы басталады

Бірнеше матч «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

10 наурызда UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы турының бірінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақпарттың жазуынша, плей-офф кезеңінде қарсыластарын қапы қалдырған «Ньюкасл Юнайтед», «Байер Леверкузен», «Атлетико Мадрид», «Будё-Глимт», «Галатасарай», «Пари Сен-Жермен», «Реал Мадрид», «Аталанта» командалары жарыстың келесі сатысына шықты.

Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал», «Бавария», «Ливерпуль», «Тоттенхэм Хотспур», «Барселона», «Челси», «Спортинг», «Манчестер Сити» клубтары бірден ширек финалға жолдама алды.

10 наурыз

«Аталанта» (Италия) — «Бавария» (Германия)

«Атлетико Мадрид» (Испания) — «Тоттенхэм Хотспур» (Англия)

«Галатасарай» (Түркия) — «Ливерпуль» (Англия)

«Ньюкасл» (Англия) — «Барселона» (Испания)

Бұл күнгі ойындардың арасынан Қазақстан уақытымен 22:35–те «Галатасарай» (Түркия) — «Ливерпуль» (Англия), 00:50–те «Ньюкасл» (Англия) — «Барселона» (Испания) ойындары «Qazsport», «Атлетико Мадрид» (Испания) — «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) кездесуі «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

11 наурыз

«Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Челси» (Англия)

«Реал Мадрид» (Испания) — «Манчестер Сити» (Англия)

«Будё-Глимт» (Норвегия) — «Спортинг Лиссабон» (Португалия)

«Байер Леверкузен» (Германия) — «Арсенал» (Англия).

Бұл күнгі ойындардың арасынан Қазақстан уақытымен 22:35–те «Байер Леверкузен» (Германия) — «Арсенал» (Англия), 00:50–те «Реал Мадрид» (Испания) — «Манчестер Сити» (Англия) «Qazsport», «Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Челси» (Англия) кездесуі «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Енді 1/8 финал ойындары 10-11, 17-18 наурыз күндері өткізілсе, ¼ финал 7-8, 14-15 сәуір күндеріне белгіленген.

Жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болса,

финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі. 

Фото: Realmadrid.com