457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Брест» клубының бас бапкері Эрик Руа өмірден өтті

Белгілі маман соңғы үш жарым жыл бойы ұйқыбез қатерлі ісігімен күрескен.

Францияның «Брест» футбол клубының бас бапкері Эрик Руа 58 жасында дүниеден озды. Қайғылы хабарды оның отбасы әлеуметтік желі арқылы жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Белгілі маман соңғы үш жарым жыл бойы ұйқыбез қатерлі ісігімен күрескен. Соған қарамастан ол өмірінің соңына дейін сүйікті ісінен қол үзбей, футбол саласында еңбек етуін жалғастырған.

Марқұмның жұбайы мен балалары жариялаған мәлімдемеде оның өмірге деген құштарлығы мен қайсарлығы ерекше аталып өтті.

Осы уақыт бойы ол бізді таңғалдырған күш-жігермен өмір сүрді. Оған отбасының махаббаты, футбол, кәсібі және ешқашан сөнбеген құштарлығы демеу болды, - деп жазылған хабарламада.

Эрик Руа футболшылық мансабында Францияның «Ницца», «Тулон», «Лион», «Марсель», «Труа» клубтарында, сондай-ақ Англияның «Сандерленд» және Испанияның «Райо Вальекано» командаларында өнер көрсетті. «Марсель» сапында 1998/99 жылғы маусымда УЕФА кубогының финалына дейін жеткен.

Бапкерлік қызметін 2010 жылы «Ницца» клубында бастаған ол кейін спорт сарапшысы, сондай-ақ «Уотфорд» пен «Ланс» клубтарында спорт директоры болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қаңтарында «Брест» клубының тізгінін қолға алды.

Эрик Руа жетекшілік еткен тұста «Брест» клубы өз тарихындағы ең үлкен жетістіктердің біріне қол жеткізді. 2023/24 жылғы маусымда команда Франция чемпионатында үшінші орын алып, алғаш рет Чемпиондар лигасына жолдама алған болатын.

Футбол әлемі тәжірибелі маманның қазасын ауыр қабылдап, оның француз футболының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтуде.

Фото: Global Look Press