457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды

Футболшы жарақатты Египет құрамасымен өткен жолдастық кездесуде (2:1) алған

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында маңызды ойыншысынан айырылды. Оң қаптал қорғаушысы Уэсли Франса жарақатына байланысты турнирге қатыса алмайды.

Футболшы жарақатты Египет құрамасымен өткен жолдастық кездесуде (2:1) алған. Медициналық тексеру нәтижесінде оның сол жақ санының ішкі бұлшықетіне зақым келгені анықталды. Осыған байланысты Бразилия футбол конфедерациясы Уэслиді әлем чемпионатына арналған өтінімнен шығарып, оның орнына Эдерсон шақырылғанын хабарлады.

Эдерсон өткен маусымда «Атланта» сапында барлық турнирде 41 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Бас бапкер Карло Анчелотти жетекшілік ететін Бразилия құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Мароккомен өткізеді. С тобындағы қарсыластары – Марокко, Гаити және Шотландия.

Ал Египет құрамасы G тобында Бельгия, Иран және Жаңа Зеландиямен күш сынасады.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді.

Фото AFP