457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бразилияда футболшы голды атап өту кезінде туннельге құлап кетті

Ол жарнама билбордынан секіріп өткенде, тайм аяқталар тұста ашылатын қонақ команданың киім ауыстыру бөлмесіне апаратын туннельге құлап түсті.

Бразилия чемпионатында «Коритиба» корғаушысы Жаси «Шапекоэнсеге» қарсы матчта (2:1) голды атап өту кезінде күтпеген жағдайға тап болып, жарақат алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған ойын Куритиба қаласында өтті.
Бірінші таймның соңында Жаси басымен гол соғып, допты жейдесінің астына тықты да, жанкүйерлермен бірге қуану үшін жүгірді. Ол жарнама билбордынан секіріп өткенде, тайм аяқталар тұста ашылатын қонақ команданың киім ауыстыру бөлмесіне апаратын туннельге құлап түсті.
29 жастағы футболшыға туннельден шығуға көмектесті. Ол мерекелеуді одан әрі жалғастырғанымен, кейін жерге құлап, медициналық көмек сурады. Соған қарамастан, үзіліске дейін ойнап, тек екінші таймның басында ауыстырылды.
Жаси соққан бұл гол VAR тексерісінен кейін отменился (жойылды). Қазіргі уақытта «Коритиба» турнир кестесінде сегізінші орында келе жатыр.

Фото: Ашық дереккөзден