457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бразилияда «Фламенго» клубының бас бапкері ірі жеңістен кейін қызметінен босатылды

«Фламенго» жартылай финалда «Мадурейраны» 8:0 есебімен жеңген еді.

Бразилияның атақты «Фламенго» футбол клубы бас бапкері Филипе Луиспен қош айтысқанын ресми сайтында хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Айта кетерлігі, қызметінен босатылардың алдында «Фламенго» жартылай финалда «Мадурейраны» 8:0 есебімен ірі жеңіске жетіп, штат чемпионатының (Кариока лигасы) финалына жолдама алған болатын.

40 жастағы Филипе Луис команданы 2024 жылдан бері жаттықтырып келді. Ол футболшы ретінде мадридтік «Атлетико» мен лондондық «Челси» клубтарында өнер көрсеткен.

Бапкерлік кезеңінде Луис «Фламенгомен» бірге Кубок Либертадоресті, Бразилия Кубогын және Бразилия Суперкубогын жеңіп алған еді.

Алайда биылғы маусымда команда Бразилия Суперкубогында «Коринтианстан» жеңіліп, ал Оңтүстік Америка Кубогында аргентиналық «Ланусқа» жол берді. Соған қарамастан, клуб басшылығы бапкермен келісімшартты тоқтату туралы шешім қабылдады.