457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Болат Есмағамбетов «Қайрат» – «Омония» матчына болжам жасады

Белгілі қазақстандық футбол маманы әрі функционер Болат Есмағамбетов Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матч алдында «Қайраттың» Кипрдің «Омония» командасына қарсы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ол «Қайратты» келесі кезеңге шығуға толық мүмкіндігі бар екенін айтты.

«"Қайраттың" келесі кезеңге шығуға жақсы мүмкіндігі бар. Бір голдың есесін қайтаруға болады. Қазақстан чемпионы ойын тізгінін өз қолына алып, алаңда басымдық танытуы керек. Жанкүйерлер футболшыларға зор қолдау көрсететініне күмәнім жоқ. "Қайрат" ойынды пенальти сериясына жеткізбеуге тырысқаны жөн, өйткені онда кез келген нәтиже болуы мүмкін. Бүгін өз алаңымызда ойнаймыз, ал алғашқы матчта небәрі бір доп айырмасымен жеңілдік. Сондықтан "Қайрат" таразы басын теңестіріп, камбэк жасауы тиіс», – деді Болат Есмағамбетов.

Еске салайық, «Қайрат» пен «Омония» арасындағы қарымта кездесу бүгін Алматыда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Алғашқы кездесуде кипрлік клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сондықтан алматылық команда келесі кезеңге шығу үшін кемінде бір доп айырмасымен жеңіске жетуі қажет.

 

Фото: "Қайрат" ФК