Мәзір
Футбол

"БИІК" клубының Еуропа кубогындағы қарсыласы белгілі болды

Сабина Асқарқызы 70 қаралым
"БИІК" клубының Еуропа кубогындағы қарсыласы белгілі болды

Футболдан UEFA Еуропа кубогы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, қарсыластар анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Шымкенттік команда екі матчтан тұратын бірінші іріктеуде Швейцарияның «Грассхоппер» командасына қарсы ойнады. Алғашқы матч 10-11 қыркүйекте сырт алаңда өтеді. Ал қарымта ойын 17-18 қыркүйек күні Шымкентте жалғасады. 

Аталған командалар UEFA Чемпиондар лигасында 3-орын алған болатын. Бірінші ойында Словенияның «Катовице» клубына 0:2 есебімен жеңілсе, кейін словакиялық «Спартак Миява» командасынан 2:1 есебімен басымдық танытты. 

Нәтижесінде "БИІК" енді Еуропа кубогында ойын көрсетеді.

Айта кететін жайт, аталған лигада «Ақтөбе» алғашқы ойынында Италияның «Рома» командасына 0:2 есебімен жол берді. Ал Данияның «Норшеланн» командасымен 3-орын үшін ойында 2:4 есебімен жеңілген еді. 

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

 

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар