Мәзір
Футбол

Бибісара Асаубаева Франция-Англия матчын тамашалады

Сабина Асқарқызы 58 қаралым
Бибісара Асаубаева Франция-Англия матчын тамашалады

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Франция мен Англия құрамалары арасындағы үшінші орын үшін өткен матчты стадионнан тамашалады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Sports.kz-тің жазуынша, шахматшы Майами-Гарденстегі «Хард-Рок» стадионында өткен кездесуден бейнежазба жариялады.

Айта кетейік, тартысты матчта Англия құрамасы 6:4 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19-нан 20 шілдеге қараған түні өтеді. Шешуші кездесуде Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі. Биылғы әлем чемпионаты алғаш рет 48 құраманың қатысуымен АҚШ, Мексика және Канадада ұйымдастырылды.

Фото: Sports.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар