Мәзір
Футбол

Бельгияның жұлдызы Кевин Де Брёйне Қазақстанға келмейтін болды

Сабина Асқарқызы 127 қаралым
Бельгияның жұлдызы Кевин Де Брёйне Қазақстанға келмейтін болды

«Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне жамбас бұлшықетін жарақаттап, ұзақ уақытқа ойыннан шет қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Сенбі күні өткен Серия А матчы кезінде «Наполи» өз алаңында «Интерді» 3:1 есебімен жеңген болатын. Алайда Де Брёйне пенальти орындау сәтінде жарақат алып, бірінші таймның соңына дейін ойынды жалғастыра алмады.

Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, бельгиялық ойыншы 2025 жылдың соңына дейін алаңға шықпайды. Осы себепті ол 15 қарашада өтетін Бельгия – Қазақстан арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кездесуіне қатыспайды.

Биылғы маусымда Де Брёйне «Наполи» сапында 11 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

 

 

Фото: Getty Images/Global Images Ukraine

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар