457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бельгия футболшысы Қазақстан құрамасының үздік ойыншыларын атады

Анарбеков бұл матч үшін 8,4 ұпай алған. Ол сегіз аса күрделі сейв жасап, бірнеше рет команданы құтқарып қалған.

Бельгиялық қорғаушы, бұрын «Қызылжар» клубында өнер көрсеткен Браян Ван Ден Богарт Қазақстан мен Бельгия арасындағы тарихи матчта біздің құрамадан ерекшеленген футболшыларды атады, деп жазады malimsports.kz

Оның айтуынша, ең алдымен қақпашы Темірлан Анарбеков тамаша ойын көрсетті. Ол барынша жинақы, сенімді болды және шешуші сәттерде маңызды сейвтер жасады. Сонымен бірге орта алаңда Ғалымжан Кенжебектің балансы жоғары бағаланды - оның позициялық ойыны, жұмыс көлемі және бельгиялықтардың шабуылдарын үзу қабілеті команда үшін аса маңызды болған. Ал шабуыл шебінде Сатпаев өзінің қимылымен және қарсылас қорғаушыларының артындағы кеңістікті тиімді пайдаланумен көзге түскен. Оның қозғалысы Бельгия қорғанысына қысым жасап, жылдам шабуылдарда командаға энергия берген.

«Астана Аренада» Қазақстан құрамасы Еуропаның ең мықты командаларының бірі — Бельгиядан сенсациялық түрде ұпай тартып, матчты 1:1 есебімен аяқтады. Ойынның басты қаһарманы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков болды.

Sofascore деректеріне сәйкес, Анарбеков бұл матч үшін 8,4 ұпай алған. Ол сегіз аса күрделі сейв жасап, бірнеше рет команданы құтқарып қалған.

Екінші ең жоғары баға Рамазан Оразовқа (7,2) бұйырса, одан кейін қорғаушылар Әлібек Қасым (7,2), Нұралы Әліп (7,0) және Ғалыммжан Кенжебек (7,0) орналасты.

Фото: