457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бельгия бапкері Қазақстанмен матч алдында жарақат алған ойыншылар туралы пікір білдірді

Бельгия құрамасы бірқатар жетекші футболшыларынан айырылды.

Бельгия футбол құрамасының бас бапкері Руди Гарсия Қазақстанға қарсы өтетін матч алдында командадағы маңызды ойыншылардың жарақатына байланысты орын алған қиын жағдай туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матч 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін болады. Ойын 19:00-де басталады.

Бельгия құрамасы бірқатар жетекші футболшыларынан айырылды. Жарақатына байланысты шабуылшы Ромелу Лукаку мен жартылай қорғаушы Кевин де Брюйне ойынға қатыса алмайды. Сонымен қатар бастапқыда Қазақстанмен матчқа шақырылған негізгі қақпашы Тибо Куртуа да қатардан шықты.

«Қазір келесі ойында қақпамызды кім қорғайтынын нақты айта алмаймын. Негізгі құрамды ертең анықтаймыз. Ертеңгі басты мақсат — жеңіске жетіп, әлем чемпионатына тікелей жолдама алу. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық ойыншымыз 100% дайын», - деді Гарсия.

Сонымен қатар бас бапкер Бельгия құрамасы мен ағылшын «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Жереми Доку туралы қойылған сұраққа жауап берді.

«Жереми - команданың басты ойыншысы емес. Біздің құрамда әр матчта алаңға шығатын түрлі футболшылар бар. Біз бұрын да жеңіске жеттік, әрі ойыншылар құрамына қарамастан бұл нәтижені жалғастырамыз. Іріктеу барысында қосылған жас ойыншыларымыз көп, олардың динамикасы мен көрсетіп жатқан ойыны бізді қуантады», - деді Руди Гарсия.

Футбол: Getty Images