Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы жаңа бас бапкердің есімін ресми түрде жариялады. Команданы енді беларусьтік маман Виталий Жуковский жаттықтырады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клуб басшылығы бұған дейін команданы басқарған Милич Чурчичпен келісімшартты өзара келісім негізінде бұзып, оның орнына 42 жастағы Жуковскийді тағайындады.
Жаңа бапкердің штабына беларусьтік мамандар Павел Плют пен Андрей Мисюк, сондай-ақ қазақстандық жаттықтырушы Біржан Хабит енді.
Қазіргі таңда «Қызылжар» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 15 ұпаймен 12-орында келеді. Жуковскийдің басты міндеті – команданың нәтижесін жақсартып, турнирлік жағдайын түзету.
Фото: kazfootball.kz