Астананың «Жеңіс» командасы жаңа маусым алдында қақпашылар құрамын күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
AmanVIBE арнасының хабарлауынша, Әли Әлиевтің бапкерлік штабына Қазақстан құрамасында қақпашыларды жаттықтырған Олег Воскобойников қосылған.
Елордалық клуб қазір «Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзаданың кандидатурасын қарастыруда. 27 жастағы голкипердің бас бапкер Андрей Мартинмен қарым-қатынасы жақсылықпен ерекшеленбейді, сондықтан «Жеңістің» ұсынысын қабылдауы мүмкін.
Естеріңізге салсақ, өткен маусымда Бекхан Шайзада 26 гол өткізіп, жеті ойында қақпасын құрғатпады. Шымкент клубының құрамында қақпашы Қазақстан чемпионы атағын жеңіп, Кубокты иеленген. Transfermarkt порталы бойынша футболшының бағасы 500 мың еуроға тең.
Сонымен қатар, 18 қарашада Шайзада ұлттық құраманың сапында дебют жасап, Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуде 0:1 есебімен жеңіліс тапқан.
Фото: ҚФФ