BBC Дастан Сәтпаевтың «Челсидің» негізгі құрамына ену мүмкіндігін жоғары бағалады
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жаңа маусымда «Челсидің» негізгі құрамына енуі мүмкін жас ойыншылардың қатарында аталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
BBC басылымы 2026/27 жылғы Премьер-лига маусымында өздерін көрсетуі мүмкін 20 жас футболшыны таңдаған. Тізімде әр клубтан бір-бір ойыншы бар. «Челси» сапынан 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев іріктелген.
17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамына енуге ең ықтимал үміткер секілді. Ол жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жоғары бағасына ие болды. Сәтпаев «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы матчта есеп ашып, қақпаның жақын бұрышына қуатты соққымен гол соқты. Ол өзінің жылдамдығы мен физикалық дайындығын көрсетіп, гол соғу қабілетін байқатты. Сонымен қатар оның Чемпиондар лигасында ойнаған тәжірибесі бар, – деп жазды BBC.
Басылым қазақстандық футболшының 2025 жылдан бері ұлттық құрама сапында тоғыз матч өткізіп, еліндегі басты жас жұлдыздардың біріне айналғанын да атап өтті.
Сәтпаевтың «Қайраттан» «Челсиге» ауысуы 2025 жылғы 10 ақпанда ресми түрде жарияланды. Трансфер құны 4,3 млн еуроны құрап, Қазақстан футболындағы рекордтық көрсеткішке айналды. Кейін футболшы алматылық клубта жалға алу шарттарымен өнер көрсетуін жалғастырды.
2026 жылғы шілдеде Сәтпаев «Челсидің» маусым алдындағы оқу-жаттығу турына қосылды. Қазақстандық шабуылшы 18 жасқа 12 тамызда толады. Осыдан кейін ол «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанып, клубтың ресми матчтарына қатыса алады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған