«Бавария» сырт алаңда камбэк жасап, жеңіске жетті
Германия Бундеслигасының 28-туры аясында Бавария сырт алаңда Фрайбург командасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесудің негізгі бөлігінде мюнхендік клуб қарсыласына есе жіберіп жатты. Алаң иелері сапынан Йохан Манзамби 46-минутта есеп ашса, Лукас Хёлер 71-минутта басымдықты еселей түсті - 2:0.
Алайда матчтың соңғы минуттары нағыз драмаға айналды. 81-минутта Том Бишоф есеп айырмасын қысқартты. Одан кейін ол қосымша уақыттың 90+2-минутында таразы басын теңестірді. Ал 90+9-минутта Ленарт Карл жеңіс голын соғып, «Баварияға» маңызды үш ұпай сыйлады.
Осы жеңістен кейін «Бавария» турнирлік кестеде 73 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Боруссия Дортмунд (61 ұпай), ал «Фрайбург» 37 ұпаймен сегізінші сатыда орналасқан.
Келесі турда «Бавария» 11 сәуір күні сырт алаңда Санкт-Паули командасымен кездеседі. Ал «Фрайбург» бір күннен кейін Майнц клубына қарсы ойнайды.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған