Бауыржан Исламхан мансабын аяқтаған футболшылар туралы айтты
Бауыржан Исламхан ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған ардагер ойыншылар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық құраманың экс-капитаны Бауыржан Исламхан бұл ретте мансабын аяқтаған Александр Марочкин және Асхат Тағыберген, бұдан бөлек жақын арада құрамадан кетуі мүмкін Исламбек Қуат туралы айтты.
«Барлық нәрсенің өз уақыты бар. Мүмкін, дұрыс шешім - уақытымен кету. Егер командаға көмектесе алмайтыныңды сезсең, орынды босату қалыпты. Иә, жігіттер өз еріктерімен құрамадан кетті. Оларды ешкім мәжбүрлеген жоқ. Барлығы құрметпен шығарып салынды», - деді Исламхан.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде капитан Асхат Тағыберген және негізгі қорғаушы Александр Марочкин құрамадан кететінін жариялаған еді. Сондай-ақ БАҚ-та қорғаушы орта алаңдағы ойыншы Исламбек Қуат та жақын арада осындай шешім қабылдауы мүмкін деген ақпарат тарады.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған