457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бауыржан Байтана «Каспийде» қала бермек

Соңғы маусымда ол 24 матч өткізіп, 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген

Тәжірибелі жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана «Каспий» клубымен келісімшартын ұзартпақ.

Футболшы өткен маусымның басында «Ақтөбеден» «Каспийге» ауысып, аз уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Байтана «Каспий» сапында Бірінші лиганың чемпионы атанып, клубтың Премьер-лигаға жолдама алуына елеулі үлес қосты. Соңғы маусымда ол 24 матч өткізіп, 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Бауыржан Байтана –Тараз футбол мектебінің түлегі. Қазақстан чемпионатында ол бұған дейін «Тобыл», «Қайрат», «Тараз» және «Ақтөбе» командаларында ойнаған. Алдағы маусымда да тәжірибелі жартылай қорғаушы «Каспий» клубының намысын қорғауды жалғастырады.

Фото: ©КФФ