457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы бір айға алаңнан тыс қалды

Жаттығу барысында де Йонг санның артқы бөлігінен ауырсыну сезінген.

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі қарсаңында жарақат алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Жаттығу барысында де Йонг санның артқы бөлігінен ауырсыну сезінген. Дәрігерлер оған санның екібасты бұлшықетінің жыртылуы диагнозын қойды.

Нидерландтық жартылай қорғаушы «Барселонаның» ойыншысы Френки де Йонг жарақатына байланысты кемінде бір айға алаңнан тыс қалады. Бұл туралы As басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, бейсенбі күні таңертеңгі жаттығу кезінде футболшы санның артқы бөлігінде ауырсыну сезінген. Тексеру нәтижесінде санның екібасты бұлшықетінің жыртылғаны анықталған. Қалпына келу уақыты кемінде бір айды құрайды.

Де Йонг Испания Кубогының жартылай финалдық матчтарын және Чемпиондар лигасының 1/8 финал ойындарын өткізіп алуы мүмкін.

28 жастағы де Йонг «Барселона» сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ағымдағы маусымда ол клуб құрамында 31 матч өткізіп, бір гол соғып, жеті нәтижелі пас берген.

Нидерланд құрамасы сапында 68 матчқа қатысып, екі голдың авторы атанған.

Фото: Getty Images