Мәзір
Футбол

«Барселонаның» экс-ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады

Сабина Асқарқызы 113 қаралым
«Барселонаның» экс-ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады

Босниялық жартылай қорғаушы Миралем Пьянич Қазақстанның «Ақтөбе» клубының сапына қосылады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ресейлік инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, кезінде «Барселона» мен Мәскеудің ЦСКА клубтарында ойнаған 35 жастағы футболшы қазақстандық командамен бір жылдық келісімшартқа қол қояды. Пьянич бұған дейін «Ақтөбеге» келген 39 жастағы португалиялық Наниден кейін командадағы екінші жұлдызды ойыншы болмақ. Екеуі де Қазақстан премьер-лигасындағы ең жоғары жалақы алатын футболшылардың қатарына енеді.

Сонымен қатар, «Ақтөбе» клубы неміс шабуылшысы Томас Мюллерге де қызығушылық танытқан. Алайда 36 жастағы футболшы Қазақстан чемпионатындағы жасанды жабынды алаңдарда ойнау қажет екенін білген соң, бұл ұсыныстан бас тартқан.

Айта кетейік, Миралем Пьянич әр жылдары «Мец», «Лион», «Рома», «Ювентус», «Бешикташ» және «Шарджа» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2008-2024 жылдар аралығында Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының намысын қорғады.

 

 

Фото: Marca

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар