«Барселонаға» стадион сыйымдылығын арттыруға рұқсат берілді
«Барселона» футбол клубына «Камп Ноу» стадионының көрермен сыйымдылығын 62 652 адамға дейін арттыруға рұқсат берілді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клуб мәліметінше, қалалық кеңес «Барселонаға» арнайы 1С лицензиясын берген. Соның арқасында стадиондағы көрермендердің максималды саны көбейтілмек көрінеді.
Реконструкцияның жаңа кезеңінде Gol Norte трибунасы, сондай-ақ стадионның бірінші және екінші ярустарының арасында орналасқан VIP-ложалар мен лаунж-аймақтар пайдалануға беріледі.
Қазіргі уақытта негізгі жұмыстар VIP-аймақтар мен стадион ішіндегі күту залдарын жабдықтауға бағытталған. Сонымен қатар оңтүстік трибунада жанкүйерлерге арналған жаңа сектор ашылады. Ол тарихи аренаның ашылған жылына орай «Gol 1957» деп аталады. Бұл аймақ матч кезінде команданы қолдауды күшейту мақсатында ұйымдастырылған.
Жоспарланған барлық аймақтар іске қосылғаннан кейін «Камп Ноу» стадионының сыйымдылығы бұрынғы кезеңмен салыстырғанда (45 мың орын) 17 мыңнан астам көрерменге көбейеді.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған